• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 26 Мамыр, 2021

Салалық журналистерді оқыту жалғасады – Аида Балаева

262 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева  салалық журналистерді оқыту жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Биыл бұл жұмыстарды бастап кеттік. Журналистерді оқыту, біліктіліктерін арттыру бойынша нақты жоспар бар. Сондықтан бұл жұмыс дәстүрлі әрі жүйелі түрде жалғасады. Өйткені БАҚ-ты, кәсіби журналистерді қолдауға мүдделіміз. Бүгінде түрлі сала бағытында үш топ оқыды. Алдағы уақытта да онлайн форматта жалғасын табады. Бұл қатысушыларды, оның ішінде өңір журналистерін кеңінен тартуға мүмкіндік беріп, олардың дамуына септігін тигізеді», деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта медицина, дін, ІТ-технология, экология бағыттарындағы жоғары оқу орындарында журналистерді салалық оқыту жүзеге асырылды.

«Бұл тізбе кеңейтіле түсетін болады. Жоспарымызда қоғамымыз үшін маңызды ауыл шаруашылығы, этносаралық қатынас мәселелерінде жоғары оқу орындарымен жұмыс істеу бар. Тағы да қайталап айтамын, жұмысты бастадық әрі ол жүйелі түрде жалғаса береді», деді Аида Балаева.