Былтырғы 20 наурыздан бері Атырау облысында 1 миллионнан астам ПТР сынамасы жүргізіліпті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, биылғы мамыр айы басталғалы 115 мыңға жуық ПТР сынамасы алынған. Тәуліктік көрсеткіш 4 367 сынаманы құрады.
«Қазір Атырау облысында 15 ПТР-сынама зертханасы жұмыс істейді. Елімізде коронавирус инфекциясы тіркелген 2020 жылғы наурыздан бері жүргізілген 1 096 151 ПТР сынамасы жүргізілді. Бұл – еліміздегі ең жоғары көрсеткіш» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.