Әйгілі жарыстың финалында «Манчестер Юнайтед» пен «Вильярреал» клубтары жолығып, матч соңындағы пенальти сериясында бағы жанған испаниялық ұжым жарыс жеңімпазы атанды.
Польшаның Гданьск қаласында өткен финалдық кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Бірінші таймда Жерар Морено «Вильярреалды» алға шығарса, екінші таймда Эдинсон Кавани таразы басын теңестірді. Қосымша таймдарда командалар гол соға алмады.