• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Футбол 28 Мамыр, 2021

«Тараз» қолда тұрған жеңістен айырылды

173 рет
көрсетілді

Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 13 тур ойындары басталды. Алғашқы кездесу Петропавловскіде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавловскіге сапар шеккен «Тараз» бірінші кезеңде алаң иелерінің қақпасына екі гол салды. Дубль авторы – Ненад Адамович. Ол 11 және 37 минуттарда нысананы дәл көздеді. Бірақ үзілістен кейін жағдай күрт өзгерді. Қақпашы Мұхамеджан Сейсеннің өрескел қателіктерінің салдарынан «Қызылжар» матч аяқталғанға дейін таразы басын теңестріп кетті – 2:2. Бұл голдарды Дарко Зорич (65 минут) пен Әлібек Қасым (90 минут, пенальтиден) соқты.