Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 13 тур аясында Алматының «Қайраты» мен Қызылорданың «Қайсары» күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойында бәсеке тағдырын бір ғана гол шешті. Кездесудің 33-минутында алаң иелері сапындағы қос легионер – Вагнер Лав пен Хосе Канте тамаша комбинация ұйымдастырып, ақыры соңғысы нысананы дәл көздеді – 1:0. Одан кейін қос команда ойыншылары қанша жанталасқанымен, таблодағы есеп өзгерген жоқ.