Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 14-туры аясында Түркістанда жергілікті «Тұран» мен Талдықорғанның «Жетісуы» байқасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Талдықорғанның «Жетісуы» қатарынан үшінші кездесуде жеңіс тойын тойлады. Бұл жолы олар алаң иелерінің қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Есеп – 0:2. Бұл голдардың авторлары – Нұрберген Нұрбол (51-минут) мен Айбар Жақсылықов (61-минут, пенальтиден).