• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Тарих 30 Мамыр, 2021

Қарағандыда Карлаг зерттеушісі құнды құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа тапсырды

460 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты өткен ғасырдағы қуғын-сүргіннің қатыгез қасіреті туралы шындықты толық ашуға көмектесетін құнды құжаттармен толықтырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында тарихи материалдар мемлекеттік мұрағаттағы кездесуде таныстырылды. Оған тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар шақырылды.

Зерттеушінің сыйында Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь, Финляндия және басқа елдердің мемлекеттік мұрағаттарынан жиналған құжаттар бар. Іздеу географиясы кең – Қарағанды облысынан Сібірге дейін (Ресей Федерациясы). Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасынан алынған құжаттар бар.

Бұл материалдар ГУЛАГ пен Карлаг тарихы туралы көбірек мәлімет алуға мүмкіндік береді. Статистикалық деректер, жынысы, жасы, әйелдердің еңбегі, лагерь тұтқындарының ұлттық құрамы және тағы басқалары бойынша қамаудағылардың саны туралы мәліметтер мен анықтамаларды қамтиды. Нұрлан Дулатбеков Құмды, Таулы, Еменді, Өзенді, Дала және т. б. ерекше лагерлерге қатысты бірқатар құжаттарды тапсырды.

Бұдан басқа, революцияға дейінгі кезеңдегі мемлекет тарихы мен құқығы бойынша «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелерінің қызметін көрсететін құжаттар ұсынылды.