• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Мамыр, 2021

Қызылордада жан түршігерлік жол апатынан 4 адам қайтыс болды

973 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында жол апатынан төрт адам көз жұмып, бір адам дене жарақатын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 29 мамырда сағат түнгі 23.00 шамасында болған. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолының Қызылорда облысы аумағындағы 1466 шақырымында MAN жүк көлігі мен «Mercedes» жеңіл көлігі соқтығысқан. Келеңсіз жағдай Қазалы ауданының аумағында болды.

«Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Жол апатынан 4 адам көз жұмды, ал 1 адам дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.