Қазақстандық Жібек Құламбаева Шымкенттегі ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлемнің 578-ракеткасы Ж.Құламбаева финалда дүниежүзілік рейтингте 1145-орында тұрған Беларусь өкілі Кристина Дмитрукпен күш сынасты.
Қазақстандық теннисші бірінші партияда 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде тіпті бет қаратпады – 6:0.
Ж.Құламбаева бұдан бұрын Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге жұптық сында да озық шыққан болатын. Сөйтіп ол турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды.