Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Қожакент ауылында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аудандық №14 өрт сөндіру бөліміне ауылдағы А.Әлиев көшесі бойындағы тұрғын үйде өрт болғандығы жөнінде хабар келіп түскен.
«Оқиға орнына жергілікті өрт сөндіру бөлімінен 1 автокөлікпен 5 қызметкер барды. Оған ауылдық округтен 6 ерікті өрт жасағы мен 2 техника қосылған. Өрттен 2 қабатты тұрғын үйдің қышпен қапталған 1 қабатында орналасқан тұрғын үй мен ішіндегі мүліктері толығымен жанып кеткен», деді облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.
Айта кетейік, адам шығыны жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.