Ресейдің Екатеринбург қаласында жергілікті азамат қаруланып, пәтерінен даладағы кісілерді ата бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салдарынан 9 жасар қыз бен бір полицей жарақат алды. Дәрігерлер баланың ауыр халде жатқанын айтады.
Ресми мәліметтерге қарағанда 48 жастағы қала тұрғыны көшедегі адамдарды аңшы мылтығымен атқан. Оқиға орнына келген арнайы мақсаттағы жасақ күдіктіні ұстады. Оның мұндай әрекетке неге барғаны әзірге белгісіз. Бір анығы, ол көшедегі адамдарды атпас бұрын туыстарына өмірден әбден түңіліп, барлығын қырғысы келетіні туралы хабарлама жіберген екен.