Құсайын Игембаев Қарағанды облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Қарағанды облысының прокуроры қызметіне 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Игембаев Құсайын Абзалбекұлы тағайындалды», делінген хабарламада.
Құсайын Игембаев 1962 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Жезқазған прокуратурасында тергеуші болып бастаған. Теміртаудың прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары, бас әскери прокурордың орынбасары және бірінші орынбасары, Шығыс өңірінің әскери прокуроры, Бас прокуратураның департамент бастығы болды.
Соңғы төрт жылда Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасын басқарған.