Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы камералық хорының Next generation атты XVIII маусымының жабылу концерті өтті.
Кеш барысында Еуропа және Азия композиторларының шығармалары орындалды. Атап айтсақ, Құрманғазының «Балбырауын», А.Бестібаевтың «Дауыс», В.Мишкинис, Г.Хан, Б.Бриттен секілді авторлардың шығармалары, түрік, әзербайжан және басқа әлем халықтарының халық әндері шырқалды.
Ұжымның көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Гүлмира Құттыбадамова. Әрқашан тың идеямен, өзгеше жаңашылдықпен ерекшеленетін ұжым осы бағдарламада да өз өнерлерін сәтті алып шықты.