• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Маусым, 2021

2020 жылы 5 мың баланы қамтитын сегіз оңалту орталығы ашылды

564 рет
көрсетілді

Елбасының «Қамқорлық» бастамасы Қамқоршылық кеңесінің отырысы барысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ қарт адамдарға арналған инфрақұрылым құруға бағытталған екі бастаманы іске асыру талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елбасының тапсырмасына сәйкес «Қамқорлық» бастамасы шеңберінде екі жыл ішінде Қазақстанның 8 өңірінде аутизмі және басқа да ментальді ауытқулары бар балаларға арналған оңалту орталықтарын ашу көзделген. Онда 18 жасқа дейінгі балалардың күндізгі кезеңде болуы, олардың дамуы үшін жағдайлар және Отбасын қолдау қызметі көмек көрсетеді. Орталықтарда дәлелденген әлемдік практикалар негізінде балалардың әлеуметтік бейімделуі мен өмірлік дағдыларын дамыту үшін сабақтар өткізілетін болады. Бұдан басқа, балаларды мүгедектіктің алдын алу мәселесін шешу үшін еліміздің 17 өңірінде перинаталдық орталықтар базасында ерте алдын алу орталықтары бой көтереді.

Зейнеткерлерге қолдаудың жүйелі шараларын дамытуға және оларды қоғамға бейідеуге ерекше назар аударылды. «Белсенді ұзақ өмір» жаңа бастамасы республиканың барлық өңірінде қолда бар бос алаңдарда коммуналдық объектілердің «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарын ашу жоспарланып отыр.

Аталған орталықтарда емдік дене шынықтыру, компьютерлік сауаттылық, шахмат сабақтары, өскелең ұрпақты, оның ішінде қамқорлық мекемелеріндегі балаларды қолдауға және ұлтжанды етіп тәрбиелеуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру барысы пысықталып жатыр. Айта кету керек, орталықтарда күнделікті тамақ қарастырылғанымен, ол жерде тұра алмайды.

«Елбасының «Қамқорлық» бастамасы шеңберінде жылына 21 мың бала үшін оңалту мен кәсіби сүйемелдеуге қол жеткізу ұйымдастырылды, бұл соңғы онжылдықта ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін ең ауқымды жобалардың бірі», деп атап өтті «Қамқорлық» бастамасы Қамқоршылық кеңесінің төрағасы  Ә.Исекешев.

Бастамаларды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Үкіметпен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және өңірлік әкімдіктерімен бірлесе іске асырып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында 2020 жылдың желтоқсанында жыл сайын 5 мың баланы қамтитын сегіз оңалту орталығы ашылды. Биыл бастама шеңберінде Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында қосымша 10 орталық құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.