• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2021

Сәтбаевта екі жасар бала терезеден құлап кетті

210 рет
көрсетілді

Сәтбаев қаласында екі жасар бала терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 маусым күні Сәтбаев қаласында 4-ші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен 2019 жылы туған қыз бала құлап, ауруханаға жеткізілген.

«Толық тексеру жүргізілді, қатты жарақат алмаған. Баланы амбулаториялық емдеуге жібердік», деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.