Шарын шатқалындағы қайғылы жайтқа қатысты екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облыстық Полиция департаменті екі қылмыстық бап (306-баптың 3-бөлігі және 141-баптың 2-бөлігі) бойынша тергеуді бастады.
Естеріңізге сала кетейік, 29 мамыр күні Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам мерт болды. 6 адам зардап шекті. Бір оқушы із-түзсіз жоғалып, ертесі аман-есен табылған еді.
Сондай-ақ Президент Шарын шатқалында оқушыларды құтқару кезінде қаза тапқан мұғалімді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.