• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Туризм 03 Маусым, 2021

Қазақстанда туристік аймақтарға интернет тартуға қаржы жоқ

714 рет
көрсетілді

Туристік аймақтарды интернетпен қамтамасыз етуге қаржы әлі бөлінбеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, еліміздің 1200 ауылы интернетке қосылмаған. Көбінің алыс шалғайда немесе таулы аймақта орналасуы байланыс операторлары үшін үлкен кедергі келтіріп отыр. Бұл өңірлерге желі тартуға қомақты қаражат керек. Бірақ ол ақшаны қай ведомство және қашан бөлетіні белгісіз.

«Ұлттық саябақтарда, туристік аймақтарда байланыс орнату үшін базалық станциялар қажет. Біз антенналар қоя аламыз. Бірақ энергетика мәселесі біздің құзырымызда емес. Сол себепті біз қандай жұмыс жасау қажеттігін анықтаймыз. Үкіметке шығындар туралы ақпар береміз. Кейін Мәдениет және спорт министрлігі қаржы іздеуге кіріседі», деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.