• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Өнер 04 Маусым, 2021

Талапты күйшінің жеңісі

279 рет
көрсетілді

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Juldyzai халықаралық онлайн-фестиваліне Ресей, Грузия, Өзбекстаннан және біздің елімізден 10-18 жас аралығындағы үш мыңға жуық өнерлі жеткіншек қатысып, бақ сынады.

Қазылар алқасының ше­шімімен финалдық кезеңге жолдама алған 379 баланың ішінде қарағандылық Нұр­дәулет Сағатбек фести­валь­дың Гран-при жүлдесінің иегері атанды.

Қарағанды облыстық бі­лім басқармасының кө­ру қабілеті бұзылған ба­лаларға арналған №1 арнайы мек­теп-интернатында оқитын он төрт жастағы өнер­­паз Ди­на Нұрпейісо­ваның «Бұл­бұл» күйін орын­­дап, қа­зылар алқасы­ның ғана емес, тыңдау­шы­лар­­дың да ыстық ықы­ла­сына бөленді.

Нұрдәулет музыкамен ес білетін шағынан бері ай­налысады. Вокалмен де шұғылданады және фортепианода да жақсы ойнайды екен. Бірақ домбыра үйір­месіне 11 жасқа келгенде ғана жазылыпты.

– Үш жыл ішінде мен 13 күй және бір ән жаз­дым. Әнімді ата-анама арна­дым. Әннің сөзін Өр­кен Мұ­ңайт­­пас жазған. Фес­тиваль кезінде мен қатты уайым­дамадым. Неге десеңіз, өзіме сенімді болдым және жеңіске жететініме күмәнім болмады, – дейді болашақта күйші, композитор болғысы келетін өнерлі өрен.

Жеңімпаздың жетекшісі Нұрдәулет Ыдырысовтың ай­туынша, дарынды жастың өзі айналысып жүрген іс­ке деген адалдығы, ерекше ең­бекқорлығы кез келген адамды тәнті етеді екен. «Бұл жас музыканттың жалғыз ғана жеңісі емес. Ол – облыстық және респуб­ликалық бай­қау­ларда талай мәрте топ жарып жүр­ген талант иесі», дейді Нұр­дәулеттің жетекшісі.

 

ҚАРАҒАНДЫ