• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2021

«Банктен қоңырау шалған»: Петропавл тұрғыны 8 млн теңгесінен айырылды

538 рет
көрсетілді

Петропавл тұрғыны алаяқтарға алданып, сегіз миллионнан астам теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавл полицейлері тұрғындардан сақ болуды және «банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз» деген алаяқтардың құйтырқы әрекеттеріне сенбеуді сұрайды.

Интернет алаяқтар Петропавлдың 44 жастағы тұрғынына сегіз миллион теңгеден астам шығын келтірген. Әйел «банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз» деген алаяқтардың сөзіне сеніп қалған. Бейтаныс дауыс оған шотында күдікті әрекеттер жүргізіліп жатыр деп хабарлаған. Ақшаны сақтап қалу үшін оны қосалқы шотқа аудару қажет екенін айтқан. Әйел қылмыскерлердің нұсқауын орындап, барлық жиған-тергенінен айырылып қалған.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-б. (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полицейлер қала тұрғындарынан қаскөйлердің жалған сөздеріне сенбеуді сұрайды.