Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысымен күндізгі стационарда жоспарлы емделудің тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қаулыда ПТР-тестің 3 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар анықтама немесе COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алғанын растайтын құжат болса, босану кезінде серіктес болуға рұқсат берілетіні айтылған.
Күндізгі стационарларға қатысты мынадай тәртіп енгізілді: «Пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және балаларды стационарға (оның ішінде күндізгі стационарға) жоспарлы емдеуге жатқызу берілген күнінен бастап 5 тәуліктен аспайтын тестілеу нәтижесі немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжат болғанда жүзеге асырылады», деп жазылған қаулыда.
Сонымен бірге банктер, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің жұмысы сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін бекітілді. Қаулы 2021 жылғы 5 маусым сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.