• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Маусым, 2021

Ту ұстаған велошабандоздар Алматы көшелерімен жүріп өтті

265 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласының жас велошабандоздары Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған акция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отыз спортшы еліміздің байрағын ұстап қаланың бас көшелерімен жүріп өтті. «Алматы Арена» спорт кешеніне келіп тоқтаған жастар Әнұранымызды шырқады.

Айрықша акцияны мегаполистің белсенді жастары, спортшылар, еріктілер мен оқушылар қолдады.

Айта кетсек, мұндай веложарыс дәстүр бойынша жыл сайын өтеді. Осылайша велошабандоздар азаматтардың назарын еліміздің мемлекеттік Рәміздеріне аударды.

Велошеруге Алатау ауданы әкімінің орынбасары Бектас Сәбитов қатысты. Ол бұл іс-шара бірлік пен салауатты өмір салтының белгісі іспетті екенін айтты.

«Жыл сайын өтетін веложарысты спортшылар мен Алматы жастары қолдайды. Расында, мемлекеттік Рәміздер еліміздің жеңісі әрі жетістіктерімен тығыз байланысты. Сондықтан біздің мемлекеттік Рәміздер  әлемдегі ірі спорттық іс-шараларда ерекше көзге түседі. Біздің отандық чемпиондарымыз олимпиадалар мен әлемдік жарыстарда еліміздің Туын мақтанышпен желбіретіп жүр», деді Б. Сәбитов.