• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2021

Жамбыл облысында вакцина үйде салына бастады

267 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында дәрігерлер коронавирусқа қарсы вакцинаны тұрғындардың үйіне барып сала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 27 мамырдағы № 23 қаулысына сәйкес мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау үйде жүргізіледі. Олардың қатарында егде жастағылар, созылмалы аурулары бар науқастар бар.

Осыған орай, Жамбыл облысында коронавирус екпесін үйге барып салуға арналған мобильді топ жұмыс істей бастады.

Айта кетейік, мобильді егу бригадасының құрамында терапевт дәрігер мен медбике бар. Вакцина салар алдында адамның қан қысымы мен жүрек соғысы тексеріледі. Егер барлық көрсеткіш қалыпты болса, онда екпе салуға болады және пациент үй жағдайында 30 минут дәрігердің бақылауына алынады.

«Біз вакцинаны үйлерге барып сала бастадық. Халықты иммундау науқаны басталғалы бері біздің медициналық емханада 5 300-ден астам адам вакцинацияланды. Жанама әсерлер байқалған жоқ. Біз халықты екпемен қамтуды кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Енді мүмкіндігі шектеулі жандардың және созылмалы аурулары бар адамдардың өтінішіне қарай олардың үйіне барып екпе егеміз. Әрі қарай да оның денсаулығын бақылауға аламыз», дейді «Жанұя» емханасының терапевті Гаухар Дөненбаева.