Алматы қаласында «Алтын орда» базарының қасында үш адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алкоголь және есірткіге мас болған 24 жастағы К.есімді ер адам «Ваз 21099» көлігін жүргізіп Райымбек даңғылымен батысқа қарай келе жатқанда, аялдама жанында тұрған үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккендер түрлі дене жарақатымен қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді», деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.
Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Күдікті азамат Алматы полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамауға алынды», деп мәлімдеді департамент бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов.