• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Хоккей 07 Маусым, 2021

Финляндия мен Канада финалда кездеседі

138 рет
көрсетілді

Балтық жағалауында өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатының финалына Қазақстан құрамасымен бір топта ойнаған Финляндия мен Канада хоккейшілері шықты.

Қазіргі әлем чемпиондары плей-офф кезеңінде Чехия құрамасын 1:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда Германия хоккейшілерінен басым түсіп (2:1), финалға жолдама алды. Ал Канада хоккейшілері плей-офф бәсекесінде Ресей құрамасын жарыстан шығарып жіберсе (2:1), жартылай финалда АҚШ-тан басым түсті – 4:2. Бір қызығы жартылай финалда В тобында өнер көрсеткен 4 құрама бақ сынады.

Әлем біріншілігінің қола жүлдесін АҚШ және Германия құрамалары сарапқа салады. Екі құрама арасындағы топтық кезеңдегі матчта АҚШ хоккейшілері 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.