• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2021

Елордада 73 жастағы әйел автобустың астына түсіп көз жұмды

195 рет
көрсетілді

Елордадағы жол-көлік оқиғасы кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 11:25-те Уәлиханов көшесімен Сейфуллин көшесіне қарай кетіп бара жатқан маршруттық автобустың 32 жастағы жүргізушісі белгіленбеген тұстан жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні басып кетті. 73 жастағы әйел алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жүргізушілерге қырағы және барынша мұқият болу керек. Жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген орындарда ғана кесіп өту қажет», деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.