• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 07 Маусым, 2021

Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды

395 рет
көрсетілді

Байқаудың басты шарттарының бірі қатысушы ҚР азаматы және жасы кемінде 18-де болуы керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҰҰ-дағы баспасөз және коммуникацияларының кеңесшісі Эльнара Байназарова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқауға журналистер мен блогерлер қатыса алады. Онлайн және баспасөз БАҚ-та жарияланған қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған мақала 800 сөзден аспауы тиіс. 

«Қоршаған ортаны қорғау күніне және экожүйелерді қорғауға бағытталған БҰҰ 10 жылдығы саласындағы байқау тек қана үкіметтер, халықаралық ұйымдар, бизнес өкілдерінің ғана емес, жекелеген адамдардың ой-өрісін, ой-танымын өзгерту, климаттың өзгеруіне қарсы қандай ерекше стандарттан тыс шешімдер қабылдай алатынына байланысты ұйымдастырылып отыр. Аталған журналистер байқауының бас жүлдегерлері – 1-ші, 2-ші, 3-ші орын алғандар, сәйкесінше, 2500, 1300, 800 доллар шамасында арнайы марапаттарға ие болады. Оған қоса, 1-орын жүлдегері қараша айында Шотландияда Глазго қаласында өтетін Жалпы климаттық саммитке қатысуға жолдама алады», деді Э.Байназарова.

Техникалық мәліметтер толығырақ Қазақстандағы БҰҰ сайтында және әлеуметтік желілердегі uninkazakhstan.org (http://uninkazakhstan.org/) парақшаларында ұсынылған.

Айта кетейік, ең үздік деп танылған 10 мақаланың авторына БҰҰ атынан арнайы сертификаттар табысталады.