• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Футбол 08 Маусым, 2021

«Қайрат» бас бапкерімен қоштасты

176 рет
көрсетілді

Футболдан Алматының «Қайрат» клу­бына 16 жылдық үзілістен кейін былтыр «Қазақстан чемпионы» деген атақты алып берген Беларусь ма­маны Алексей Шпилевский жуыр­да оңтүстікастаналық клубпен қош­тасты. Бұл туралы Алматы клу­бының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қайратты» екі жарым жыл баптаған 33 жастағы жаттықтырушы алдағы уақытта Германияның екінші бундеслигасында өнер көрсететін «Эрцгебирге» клубының тіз­гінін ұстамақ. Ал «Қайрат» клубын уақыт­ша қазақстандық маман Кирилл Кекер жаттықтырады.

Белоруссиялық жаттықтырушы Алексей Шпилевский «Қайрат» клубына 2018 жылдың қараша айында келіп, 2020 жылдың соңында 16 жылдан кейін алматылық клубқа чемпиондық атақты алып берген болатын. Биылғы ел чемпионатында «Қайрат» турнир кестесінде екінші орында келеді. Басты қарсыласы «Астанадан» 10 ұпайға қалып тұр.