Атырау облысында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 60 мың адамнан асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 7 маусымда 918 адам «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарының І компонентін салдырыпты.
«Атырау облысында тұрғындарды вакциналау үшін ашылған 31 стационарлық, 10 жылжымалы бекет тұрақты жұмыс істеп тұр. Өткен бір тәулікте Covid-19 инфекциясына қарсы вакцина алғандардың арасында 15 медицина қызметкері, 44 педагог, 9 құқық қорғау органдарының өкілі, 2 полицей, 4 мемлекеттік қызметкер, созылмалы аурумен ауыратын 4 адам, 830 тұрғын мен арнайы мекеменің 1 өкілі, 9 студент бар. Өңірде 1 ақпан мен 7 маусым аралығында «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарының І компонентін салдырғандар саны 60 818 адамға жетті. Вакциналардың ІІ компонентін 22 767 адам салдырды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.