• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Маусым, 2021

Қазақстандық спортшы Италиядағы Әлем Кубогында күміс медаль иеленді

284 рет
көрсетілді

Қазақстандық спортшы Малика Мұхтарова пара биден Италияда өткен Әлем Кубогында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бірақ, шынымды айтсам, өзімнің қойылымыма 100 пайыз көңілім толмады. Бұл карантиннен кейінгі алғашқы халықаралық жарыс, сондықтан бәрі әлі алда. Жарыста күтпеген жағдайлар болды, мысалы жұрт алдына шығар алдында көйлегімнің белбеуі жыртылып қалды. Оны паркетке шығар алдында ғана тікті. Арбам да сынып қала жаздады. Бірақ, біздің құрамамызға ешнәрсе кедергі келтіре алмайды», деп бөлісті ойын Малика.

Бәсеке Генуя қаласында өтті. Онда Қазақстан намысын 4 спортшы қорғады. Әлем Кубогы 2022 жылы Кореяда өтетін әлем чемпионатына тікелей іріктеу болып саналады. Жарысқа әлемнің 12 елінен 300-ден астам спортшы қатысты.

«Мен ешқандай наным-сенімге сенбеймін. Менің өмірлік ұраным: «Мен болмасам кім?» немесе «Менен басқа бұл мақсатқа кім жетеді».  Пара би – мен үшін өзімді физикалық тұрғыда шыңдау, шыдамдылығымды тексеру, ал ең алдымен команданың бірлігі. Осының бәрі алға ұмтылуыма мотивация береді», дейді Малика Мұхтарова.

Айта кетейік, төрешілер бригадасына Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, елордалық пара би мектебінің жаттықтырушысы Әлия Майданқызы шақырылды. Іріктеу Ұлттық паралимпиада комитетінің шешімімен және жеке комиссияның шешімімен өтті.