• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Маусым, 2021

Регбиден қыздар құрамасы Олимпиада іріктеу турниріне қатысады

240 рет
көрсетілді

Регбиден қыздар арасындағы Олимпиада ойындарына іріктеу турниріне қазақстандық спортшылар да қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz

Аталған турнир 19-20 маусым күндері Монако мемлекетінде өткізіледі. Бас бапкер Анна Яковлева ұлттық құрама сапында ойынайтын спортшылар тізімін жариялады.

Олардың қатарында Диана Абишева, Нигора Нурматова, Дарья Ткачева, Людмила Шерер, Алина Аскерова, Балжан Қойшыбаева, Құндызай Бақтыбаева, Влада Однолеток, Диана Қазыбекова, Вероника Степанюга, Мария Гришина және Галина Красавина ойнайтын болады.

Айта кетерлігі, регбиден Қазақстан құрамасы аталған турнирде В тобында ойнайды. Қарсыластары – Жаңа Гвинея, Ямайка және Тунис. Регбиден Қазақстан қыздар құрамасы Азияда үздіктер қатарында саналады.

Олар жеті мәрте Азия чемпионы атағын жеңіп алса, бір мәрте Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді.