• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Парламент 09 Маусым, 2021

«Кім үшін жұмыс істеп жүрсіз?» Нығматулин Цойдың жұмысын сынға алды

776 рет
көрсетілді

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин  Алексей Цойды тағы да сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжіліс отырысында медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту үшін бөлінген қаражаттың қаншалық тиімді пайдаланылғанына қатысты депутаттың сұрағына жауап беріп, халықтың 53,3 пайызының медициналық көмектің сапасына әлі де көңілі толмайтыны туралы статистикаға пікір білдірді.

«Көңіл толмау жағдайына келер болсақ, бұл тәуелсіз сараптамалық ұйымдардың объективті бағасы. Жалпы, денсаулық сақтау жүйесіне қанағаттану деңгейі дамыған елдерде, тіпті Еуропада да 65-70 пайыздан аспайды», деді Цой.

Министрінің бұл жауабына Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин де пікір білдіріп, министрді халыққа жақын болуға шақырды.

«Қазір Денсаулық сақтау министрлігіне оңай емес екенін түсінеміз. Бірақ халықпен байланыс орнататын уақыт келді. Журналистер қойған сұрақтардың жартысына да жауап бермейсіз. Кім үшін жұмыс істеп жүрсіз? Барып, адамдармен сөйлесіңіз! Ол адамдар бізді сайлайды, ал Парламент сізді тағайындады. Ел басшылығы, Парламент сізді қолдады. Сізге қаражат бөлінді. Жұмыс істейтін уақыт келді», деді ол.

Еске сала кетейік, Мәжіліс спикері бұған дейін де Денсаулық сақтау министрінің жұмысын сынға алған еді.