• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Ауа райы 09 Маусым, 2021

Найзағай, бұршақ. Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

146 рет
көрсетілді

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күндіз 10-11 маусымда Жамбыл облысында таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жаңбыр, шаңды боран, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Тараз қаласында күндіз 10-12 маусымда найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады.

10-11 маусымда Қарағанды облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ жауып, жел күшейеді.

Қарағанды қаласында күндіз 10 маусымда найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазған қаласында күндіз найзағай, шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады.

Күндіз 10 маусымда Атырау облысында найзағай күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 10-11 маусымда найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауады.

10 маусымда  Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұрқасын, шаңды дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан соққан желдің  екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Талас Алатауында өткінші жаңбыр, найзағай, бұрқасын болады.

10 маусымда Шығыс Қазақстан облысында да найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауады. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Соңғы жаңалықтар