• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 10 Маусым, 2021

ҚР Жоғарғы сот судьясы сайланды

736 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьясын сайлау және қызметінен босату туралы мәселе қаралды.

Отырысқа қатысушылар Денис Шипптің басқа қызметке ауысуына байланысты оны Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мәселені бірауыздан қолдады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Сергейұлы Мусин Жоғарғы соттың судьясы болып бірауыздан сайланды.