Орал қаласында таңертеңгі уақытта 62 жастағы қала тұрғыны велосипедтен құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның сол жерде жатқанын көрген тұрғындар дереу жедел жәрдем шақырған. 1959 жылы туған «У» есімді азамат инфаркт алуы мүмкін деген болжам бар. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.