• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Тағайындау 11 Маусым, 2021

Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі тағайындалды

632 рет
көрсетілді

Журналист Бақытжан Омар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақытжан Омар бұған дейін Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриаты мен магистратурасын бітірді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының аударма және тілшілер бөлімдерінде жемісті еңбек етті. 2012-2016 жылдарда корпорацияның Түркиядағы меншікті тілшісі қызметін атқарып, бауырлас елдің жаңалықтарын жеткізіп тұрды. Құрлықтар құлақ түрген оқиғалардың ортасында жүрді.

Кейін «Хабар-24» арнасының бас редакторы болды. Б.Омаров – Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының және ТҮРКСОЙ халықаралық сыйлығының лауреаты.