• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Парламент 11 Маусым, 2021

Жалпы отырыста қандай заңдар қаралатыны нақтыланды

181 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттар қарауына бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылды.

Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения және Қырғыз республикаларының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы заңнамалық түзетулерді II оқылымда қарау көзделген.

Сондай-ақ алдағы жалпы отырыста Палата комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты және Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобаларын жұмысқа алмақ, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.