Қылмыскер Римге жақын Ардеа қаласы көшелерінің бірінде оқ жаудырып, үш адамды өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Итальяндық Rai News 24 жаңалықтар арнасының хабарлауынша, қария бірден көз жұмған. Үш және сегіз жастағы екі баланы шұғыл түрде Рим ауруханаларының біріне жеткізгенімен, дәрігерлер оларды құтқара алмады.
Ардеа мэрі Марио Саварезе Rai News 24-ке оқ атқан ер адамның оқиға орнынан қашып кеткенін, бірақ көп ұзамай карабинерлер оны ұстағанын хабарлаған. Әкімнің айтуынша, қаладағы жағдай биліктің бақылауында. Болжам бойынша, бұл оқиға тұрмыстық жанжал салдарынан болған.