• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Футбол 15 Маусым, 2021

«Қайрат» Хайфаның «Маккаби» клубымен кездеседі

283 рет
көрсетілді

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 2021/2022 жылдардағы маусымының бірінші квалификациялық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқы кезеңде Алматының «Қайраты» Хайфаның «Маккабиімен» кездеседі.1913 жылы құрылған айтулы клуб Израиль чемпионатында 12 мәрте бас жүлдені олжалады. Соңғы рет олар биылғы маусымның қортындысы бойынша теңдессіз деп танылды. Ел кубогы жолындағы жарыста алты рет топ жарды. 

«Маккаби» - Израиль футбол тарихындағы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен тұңғыш команда (2002/2003). Сол жарыста олар жеті ұпай жиып, үшінші орынға табан тіреді. Еуро додадағы олардың ең үздік көрсеткіші – Кубок иегерлері кубогының (1998/1999) ширек финалы және УЕФА кубогының (2006/2007) 1/8 финалына дейін жетуі. 

Бұл күндері Барак Бахар жаттықтыратын команданың негізі жергілікті футболшылардан жасқаталған. Сондай-ақ, «Маккабидің» сапында Аустралия, АҚШ, Гамбия, Нидерланд, Сербия, Камерун, Испания, Суринам сынды мемлекеттердің де өкілдері бар. 

«Маккаби» мен «Қайрат» арасындағы алғашқы ойын  6/7 шілдеде Хайфадағы 30 780 көрермен сыйатын «Самми Оферде» және қарымта кездесу 13/14 шіледе Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.