• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Маусым, 2021

Кеңестердің қызмет аясы кеңейді

278 рет
көрсетілді

2021 жылы «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға енгізілген түзетулердің арқасында мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияларға қоғамдық кеңестердің мүшелері алғаш рет қатысуда.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 3 қаңтарында Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Қо­ғам­дық кеңестер туралы» заңға бірқа­тар түзетулер енгізіліп, олар­дың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері айтарлықтай кеңейген. Олар сатып алу комиссияларының жұмысына қоғамдық кеңестердің мүшелерін тартуды көздейді.

Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрлігінің қоғамдық кеңес­тер қызметі саласындағы сала­аралық үйлестіруді жүзеге асыра­тын уәкілетті мемлекеттік орган ре­тіндегі мониторингі қоғам белсен­ділерінің ұйымдастыру және өткізу қағидаларының ережелерін ескере отырып, қоғамдық бақылау нысандарына кіріскенін көрсетеді.

Мысалы, Қаржылық мони­то­ринг агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшелері 5 конкурстық комис­сия­ның жұмысына қатысты, ал Отын-энергетика кешені мәселе­лері жөніндегі қоғамдық кеңес­тің мүшелері Энергетика министр­лігінің 14 мемлекеттік сатып алуын жүзеге асыруға қатысты.

Сондай-ақ бүгінде агро­өнер­­кәсіптік кешен, ішкі істер органдарының қызметі, Мем­ле­кеттік қаржы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестердің мүшелері Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер және Қаржы министрліктерінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияларының құрамына енді.

Сонымен қатар жұмыс еліміз­дің өңірлерінде де жүргізілуде. Осылайша, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық кеңестердің мүше­лері Жамбыл және Алматы облыс­тарының конкурстық комис­сияларының құрамына кірді.

Бұдан басқа, қоғамдық кеңес­тер квазимемлекеттік сектор субъек­тілерін қоспағанда, мемлекет­тік кәсіпорындардың, мемле­кет бақылайтын акционерлік қоғам­дар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспар­ла­рының іске асырылу монитор­ин­гінің нәтижелері туралы есептерді талқылауды тәжірибеге енгізді.

Денсаулық сақтау, мемлекеттік қаржы, отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғам­дық кеңестерде «СҚ-Фармация»  ЖШС, «Электрондық қаржы орта­лығы» АҚ, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, «Ұлттық индус­триялық мұнай-химия техно­паркі» АЭА, «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ сияқты ведомстволық бағынысты ұйымдардың есептері тыңдалып, олардың қорытындылары бойынша тиісті ұсынымдар берілді.