• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2021

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында өрт болды

322 рет
көрсетілді

16 маусымда сағат 23.15-те Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС компрессорлық цехының тоңазытқышынан от тұтанған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өрттің таралуын және қайталануын болдырмау үшін газбен жабдықтау процесі кілт тоқтатылды және апаттық жағдайға байланысты қондырғы толық ажыратылды. Сағат 23.52-де өрт толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», дейді компанияның баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге ҚазГӨЗ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және облыстық төтенше жағдайларды департаментінің 5 өрт сөндіру тобы жұмылдырылды.

Жеке құрамның, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы мен жақын елді мекен тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің салдарын жою жұмыстары жүргізіліп, өрттің себептері анықталып жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да компанияның басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың басшылығымен жедел штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірген.