• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Маусым, 2021

Финалған шыққан таеквандошы-егіздер жеңімпазды төбелессіз анықтады

365 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында өткен таеквандодан республикалық турнирде 2010-2011, 2012-2013 жылы туған балалар бақ сынап, үздіктер анықталды. Жарысқа республиканың әр түкпірінен 800-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

24 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын үшін финалдық бәсекеге егіз Айя мен Сая Кенжеғалилер шыққан. Бірақ олар төбелескен жоқ. Жеңімпаз «тас, қайшы, қағаз» ойыны арқылы анықталды. Бұл «текетіресте» Айя жеңіске жеткен (ол алтын медаль алды). Ал Сая күміс медаль еншіледі.

2010-2011, 2012-2013 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы тхэквондодан республикалық турнир Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевты еске алуға арналған. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 800-ден аса спортшы қатысты.