• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Маусым, 2021

Алматыда тағы бір көше уақытша жабылады

391 рет
көрсетілді

Алматыда Өтеген батыр көшесі ішінара жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz,

«Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері 18 маусымда сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін Әуезов ауданында Өтеген батыр көшесі бойымен Жұбанов көшесінен Қабдолов көшесіне дейін солтүстік бағытта автокөліктердің қозғалысы ішінара шектелетінін хабарлады.

«Шектеулер аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде авариялық жұмыстарды жүргізу үшін уақытша енгізіледі.

Қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, осы учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз», деді компания өкілдері.