• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Маусым, 2021

Қазақстандық регбишілер Токио Олимпиадасы жолдамасынан қағылды

193 рет
көрсетілді

Регби-7 спортынан Монакода өтіп жатқан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі қазақстандық спортшылар үшін сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анна Яковлева жаттықтыратын Қазақстан командасы турнирдің жартылай финалына шыққан болатын. Алайда, бұл кезеңде азулы Ресей құрамасынан 0:38 есебімен ойсырай жеңілді.

Ширек финалда Қазақстан командасы Тунисті 28:21 есебімен ұтқан болатын. Осылайша, регбишілер Токио Олимпиадасына қатысу құқығына қол жеткізе алмады.

Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ биыл дүбірлі додаға бейсбол, каратэ, серфинг, құзға өрмелеу және скейдбординг секілді жаңа спорт түрлері қосылды.

Ал, қазақстандық спортшылар Токио олимпиадасында ел намысын спорттың 30 түрінен қорғауды жоспарлап отыр.