• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Маусым, 2021

Арменияда парламенттік сайлаудың алғашқы нәтижелері жарияланды

176 рет
көрсетілді

Арменияда өткен кезектен тыс парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша бұрынғы үкімет басшысы Никол Пашинян басқаратын «Азаматтық келісім» партиясы көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Санақ бойынша сайлаушылардың жартысынан көбі өз дауысын осы партияға берген. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Ал елдің бұрынғы президенті Роберт Кочарян жетекшілік ететін «Армения» блогын сайлаушылардың 20 пайызы қолдаған. Әзірге 2 мың учаскінің 114-інің бюллетендері ғана саналды.

Айта кетейік, азаматтардың саяси додаға қатысуы 50 пайызды құрады. Сайлауға 21 партия мен 4 блок қатысты.