• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Маусым, 2021

«СҚ-Фармация» қажеттінің бәрін жасады»: Біртанов сотта Берік Шәріпті қорғап куәлік берді

129 рет
көрсетілді

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «СҚ-Фармация» басқармасының экс-төрағасы Берік Шәріптің ісі бойынша сотта куәгер ретінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мен «СҚ-Фармация» мен Берік Шәріптің еш олқылық жасамағанына сенімдімін, әсіресе қасақана. Форс-мажор болды, бұл Қытайдағы процестердің орындалмауынан болды. Қытай Қазақстанмен келісімшарт талаптарын бұзды. Тиісінше, Қазақстан тарапы «СҚ-Фармациямен» жеткізу мерзімін бұзды. Бұл азаматтық-құқықтық қатынастар, ондайлар болып тұрады. Бұл – форс-мажор жағдай, келісімшарт жасасқан «СҚ-Фармация» Қазақстанға осы жеткізілімді жеделдету үшін қажеттінің бәрін жасады және біз премьер-министрді қоса алғанда, осыған куәміз. Бірақ, өкінішке қарай, объективті жағдайға байланысты Қытай жағында кедендік рәсімдеу бұзылды», деді Біртанов сот отырысында.

Оның айтуынша,  Берік Шәріптің еш кінәсі жоқ.

«Берік Шәріп жергілікті тауар өндірушілер үшін 60 күн және шетелдік тауар өндірушілерге 90 күн мерзімі бойынша белгіленген уақыт тәртібімен тәуекелге бара алмады, біз асықтыра бастадық, барлық елші бүкіл әлем бойынша мата мен маскалар іздеді. Келісімшартқа қол қойылғаны белгілі болғанда мен қосылдым. Мұндай жағдайда, менің ойымша, Берік Шәріптің еш кінәсі жоқ. Керісінше, ол осы келісімшарт бойынша жеке қорғану құралдарын жеткізуді жеделдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасады», деді Біртанов.

Сондай-ақ ол Берік Шәріпті адал қызметкер деп санайтынын да айтты.

«Мен оны адал қызметкер деп санаймын. Менің тарапымнан қорқыту я психикасына қысым болмағанын басқа әріптестерім де растай алады. Мен үшін сол кезде де, қазір де тендерді кім жеңетіні маңызды болмаған. Берік Шәріпұлы екі жыл басқарма міндетін атқарушы болды. Осы уақыт ішінде миллиардтаған долларға келісімшарттар жасалды, бірде-бір компанияға артықшылық берілмеді. Басқа компаниялардан ешқандай шағым түскен жоқ», деді Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы.

Еске салайық, 2020 жылы тамызда «СҚ-Фармация» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Берік Шәріптің ұсталғаны белгілі болды. Осыдан бірнеше күн бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «СҚ-Фармация» төңірегінде кландық мүдделер бар екенін мәлімдеді.

Шәріп қазір дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына кінәлі деп айыпталып отыр, өйткені ол қорғаныс құралдарын жеткілікті деңгейде уақытында әкелмеді. Айыптау нұсқасы бойынша, бұл екі мың медицина қызметкерінің коронавирус жұқтыруына себеп болды.