Түркияда 1 шілдеден бастап карантин тәртібі жеңілдеп, бірқатар шектеулер алынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы президент Реджеп Тайип Ердоған мәлімдеді. Енді елде күнделікті коменданттық сағат пен жексенбілік локдаун енгізілмейді. Қалааралық қоғамдық көліктердің жұмысы да жанданады. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелер қалыпты жұмыс режиміне көшеді.
Айта кетейік, соңғы тәулікте елде 5 мыңнан астам кісі қауіпті індетті жұқтырып, 51 науқас көз жұмды.
«Шілдеден бастап коменданттық сағатты толығымен алып тастаймыз. Музыкалық кештерге арналған шектеуді түнгі 12-ге дейін ұзарттық. Енді әрбір азаматтың екпе алуы маңызды. Әсіресе 18 жастан асқандар бұл мәселеге бей-жай қарамауы керек», деп мәлімдеді Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған.