Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан өңірлеріндегі бензин бағасының қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Баға мониторингі 2021 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша тек АИ-92 маркалы бензиніне қатысты.
Нұр-Сұлтанда - литріне 169-175 теңге;
Алматыда - 169 теңгеден 170 теңгеге дейін;
Шымкентте - 168 теңгеден 170 теңгеге дейін;
Ақмола облысында - 173-175 теңге;
Алматы облысында - 170 теңге;
Маңғыстау облысында - 170 теңгеден 172 теңгеге дейін;
Атырау облысында - 165 теңгеден 170 теңгеге дейін;
Батыс Қазақстан облысында - 166-170 теңге;
Қызылорда облысында - 168-170 теңге;
Шығыс Қазақстан облысында - 173-175 теңге;
Солтүстік Қазақстан облысында - 172-175 теңге;
Павлодар облысында - 170 теңгеден 173 теңгеге дейін;
Қостанай облысында - 173 теңгеден 175 теңгеге дейін;
Түркістан облысында - 168-170 теңге;
Қарағанды облысында - 170 теңгеден 172 теңгеге дейін;
Ақтөбе облысында - 163 теңгеден 168 теңгеге дейін;
Жамбыл облысында - 169 теңгеден 171 теңгеге дейін.
Бірнеше ай ішінде АИ-92 маркалы бензин Қазақстанның бірнеше өңірінде қымбаттаған. Мысалы, Астанада 2021 жылдың сәуірінде жанар-жағармай 167-172 теңге болған, қазіргі бағасы - 169-175 теңге.