• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Маусым, 2021

Қарағанды қаласының әуежайы мен теміржол вокзалына Ashyq енгізілді

350 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласының әуежайы мен теміржол вокзалында Ashyq қосымшасы қолданыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғимараттардың ішіне жүйеде «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар жолаушылар мен шығарып салушылар кіре алады. «Сары» және «қызыл» мәртебелер болған жағдайда саяхатты доғаруға және билеттерді қайта өткізуге тура келеді.

Ashyq адамдар көп жиналатын әртүрлі нысандарда белсенді түрде енгізілуде. Қарағанды теміржол вокзалына тәулік сайын мыңдаған адам келеді. Күніне перроннан 30-ға дейін пойыз жөнелтіледі.

«Көптеген адамдар жөнелтуден бірнеше сағат бұрын келіп, күту залында пойыздың келуін күтеді. Енді біз жолаушының қандай мәртебеге ие екенін, оның науқаспен байланыста болмағанын және індетке шалдықпағанын білеміз. Бұл біздің қызметкерлерімізді де қорғайды», деп есептейді вокзал бастығының кезекші көмекшісі Бақыт Игібаева.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Азамат Дәненбаевтың пікірінше, Ashyq қосымшасы коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу тәсілі ретінде өз пайдасын көрсетті. Жүйені Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары, елорданың және еліміздің басқа қалаларының вокзалдары пайдаланады.