Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақ деректері жаңарды. Маңғыстау облысы «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 маусымдағы Қазақстанның эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы тұр.
«Сары» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
«Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.