1 маусымдағы жағдай бойынша 285,8 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. 210,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 7,4 мың адам жіберілді.
Өз ісін ашу үшін 2 мыңнан астам адам жеңілдікті микрокредиттер, ал 11,1 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 111,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 14,3 мың адам; жастар практикасына – 9,9 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 87,5 мың адам.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 745 отбасы немесе 2 383 адам қоныс аударды, оның ішінде 1 072 адам еңбекке қабілетті жаста. Оның ішінде 701 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды және 40 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.
Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.
Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адамы бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.